Бокс
20 наурыз 2020 22:02
 

Головкинмен жаттыққан "жойқын күш" иесі жеңілмеген нокаутшымен жұдырықтасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен жаттыққан "жойқын күш" иесі жеңілмеген нокаутшымен жұдырықтасатын болды Сурет: Reuters©

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық Джо Джойстың (10-0, 9 КО) жеңілмеген отандасы Даниэл "Динамит" Дюбуамен (14-0, 13 КО) жекпе-жегі шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 11 сәуір Лондонда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде екі титул - EBU тұжырымынша Еуропа чемпионы және BBBofC тұжырымы бойынша Британия чемпионы атағы үшін жұдырықтасу керек еді. Алайда бұл шоу короновирусқа байланысты кейінге шегерілді. Бокс кешінің өтетін уақыты ретінде 11 маусым белгіленді. 

Еске салайық, Джойс кәсіпқой карьерасын 2017 жылы қазанда бастаған. Ал әуесқойда 2016 жылғы Олимпиаданың жартылай финалында қазақстандық Иван Дычконы жеңіп, күміс жүлдегер атанған. 

Сонымен бірге, "Жойқын күш" (Juggernaut) лақап атын иеленген Джойс орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчестің лагерінде жаттыққан. Қазір екі боксшы да ол бапкермен қатынасын үзді. 

blog.share
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық Джо Джойстың (10-0, 9 КО) жеңілмеген отандасы Даниэл "Динамит" Дюбуамен (14-0, 13 КО) жекпе-жегі шегерілді, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Боксшылар 11 сәуір Лондонда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде екі титул - EBU тұжырымынша Еуропа чемпионы және BBBofC тұжырымы бойынша Британия чемпионы атағы үшін жұдырықтасу керек еді.
Алайда бұл шоу короновирусқа байланысты кейінге шегерілді.
Бокс кешінің өтетін уақыты ретінде 11 маусым белгіленді.
 

Еске салайық, Джойс кәсіпқой карьерасын 2017 жылы қазанда бастаған.
Ал әуесқойда 2016 жылғы Олимпиаданың жартылай финалында қазақстандық Иван Дычконы жеңіп, күміс жүлдегер атанған.
 

Сонымен бірге, "Жойқын күш" (Juggernaut) лақап атын иеленген Джойс орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчестің лагерінде жаттыққан.
Қазір екі боксшы да ол бапкермен қатынасын үзді.
 

Жарнама

Живи спортом!