Головкинмен жаттыққан экс чемпион қарсыласын бір соққымен құлатты
Ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Мурат Гассиев аты белгісіз америкалық Карлоус Уэлчті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Мурат Гассиев аты белгісіз америкалық Карлоус Уэлчті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сербия астанасы Белградта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда, ресейлік қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды.
Осылайша, 28 жастағы Гассиев карьерасында 29 жеңіске жетті, сондай-ақ, оның есебінде бір ғана жеңіліс бар. Ал 42 жастағы Уэлч үшінші рет жеңіліп отыр. Оның есебінде тағы 21 жеңіс пен бір тең түскен айқас бар.
Former world champion Murat Gassiev (29-1, 22 KO's) throws a single right hand and finishes 42yr old Carlouse Welch (21-3-1) for a TKO-1 victory to claim the Eurasian Boxing Parliament heavyweight title in Belgrade, Serbia. Official time 1:33 into round 1 pic.twitter.com/vweeMcgpAN
— Tim Boxeo (@TimBoxeo) August 26, 2022
Еске салайық, бір кездері Гассиев қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчестің қол астында жаттыққан. Алайда кейін екі боксшы да бұл бапкерден кетіп қалды.
Жарнама