Головкинмен жаттыққан 21 нокауты бар "Темір" рингке оралады
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, "Темір" лақап атты Мурат Гассиев (28-1-0, 21 KO) келесі жекпе-жегін 26 тамыз Сербияда өткізеді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, "Темір" лақап атты Мурат Гассиев (28-1-0, 21 KO) келесі жекпе-жегін 26 тамыз Сербияда өткізеді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ресейлік боксшы былтыр жетоқсанда рингке оралу керек болған, алайда, украиналық Андрей Руденкомен жекпе-жек жарақат салдарынан өтпей қалды.
Еске салайық, Гассиев 2021 жылдан бері рингке шықпады. Мәскеуде өткен кейінгі айқасында ол германиялық Михаэль Валлишті жеңген еді. Ал карьерасындағы жалғыз жеңіліс 2018 жылы украиналық Александр Усиктен болды.
Айта кетейік, Гассиев бір кездері қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің қол астында жаттыққан еді.
Жарнама