"Головкинмен дәл қазір...". 22 нокауты бар британиялық чемпионның бапкері мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBA титулына ие Крис Юбенкті (30-2, 22 КО) жаттықтырып жүрген атақты Рой Джонс, британиялық боксшы қазірдің өзінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 О), тіпті Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жұдырықтасуға дайын екенін айтады.

"Юбенк кіммен болса да жұдырықтаса алатынын білемін. Біз шынымен "Канеломен" жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғымыз келеді. Ол біраз кішірек екенін білемін, бірақ, бұл мені алаңдатпайды, өйткені ол атылып тұрған жоқ.
Крис қазірдің өзінде кіммен болсын жұдырықтаса алады, дегенмен, оған әлі біраз дүние үйрету керек. Алайда біз дәл қазір Головкинмен жұдырықтасқымыз келеді. "Канеломен" де шығамыз. Менің атылып тұратыным үнемі басымдық беретін. Юбенк те оның не екенін біледі", - деп береді Джонстың сөзін vRINGe.com.
Еске салайық, Юбенк кейінгі рет мамырда жұдырықасып, отандасы Маркус Моррисонды (23-4, 16 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
Жарнама