Бокс
30 мамыр 2022 09:42

Головкинмен айқас алдында "Канелоның" осалдығы сөз болды

©MARCA

Әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқас тартысты боларына сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" Головкин туралы ойын ашық айтты

"Бұл дұрыс жекпе-жек және бұл туралы бәрі біледі, өйткені олар екінші орта дивизиондағы барлық белбеу үшін айқасады. Головкин жоғары салмаққа өтеді, жасы келгендіктен бұл салмақ оған ыңғайлы болады деп ойлаймын. 

40 жасқа келгендіктен бәрі Головкинге тап беруге дайын, дегенмен, ол рингке тамаша жеңістен кейін оралып отыр. Риота Муратамен жекпе-жекте әлсіз көрінді, бірақ, қартайғанда кімнің осал тұсы болмайды? "Канело" да осы жолы осал көрінді, ол Биволдан жеңілістен кейін оралады. Меніңше, бұл ғаламат айқас болады, өйткені екеуі бір-біріне жау", - дейді Мора DAZN-ға берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport