Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге өзінен тартып алынған IBF белбеуін қайтару мүмкіндігі пайда болды.
Головкинді чемпиондық белбеуден айыру шешімі IBF ұйымының 6 маусымдағы тыңдауында қабылданған. Қазақстандықтың міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) 3 тамызға дейін жекпе-жек өткізу туралы келісімін жазбаша бермеуі себеп болды.
Осыдан кейін Головкин 15 қыркүйекте "Канеломен" қарымта жекпе-жек өткізуге келісті.
Джейкобс пен Деревянченконың да ісін жүргізетін менеджер Кит Коннолидің сөзінше, IBF тұжырымы бойынша жаңа чемпион Головкин - Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасауы мүмкін.
"Келісімге келе алғанымызға қуаныштымын. Жігіттер бір-бірімен күш сынасқысы келмейтіні туралы қауесет көп тарады. Шындығында олай емес еді. Керісінше, екеуі де чемпиондық атаққа ие болу мүмкіндігіне қуанды. Екеуі де мықты боксшы, сондықтан керемет жекпе-жек тамашалай аламыз. Бұл жекпе-жекте үстем болған боксшы "Канело" мен Головкин қарымтасының жеңімпазымен міндетті түрде жұдырықтасуы керек", - деп келтіреді менеджер сөзін ESPN.

Жарнама