Головкинге DAZN-дегі жекпе-жегі үшін төленетін гонорар көлемі айтылды
© Fightnews.info
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу аралық салмақта - 164 фунтта өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг қызметі арасындағы үш жылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.
Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 миллион доллар алуы мүмкін.
"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист.
Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.

Жарнама