Мексиканың Хуанакатлан қаласында Сауль "Канело" Альвареске ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мүсін биіктігі екі жарым метр. Осы қалада туып-өскен Альварес тұрғындарға алғысын білдірді:
"Балалығым өтіп, қазіргі күйіме жете алған мекендегі адамдардың алғысына бөлену мен үшін абырой. Хуанакатлан билігіне де рахмет және осы шараға қатысқан баршаңызға алғысымды білдіремін", - деп жазапты "Канело" Instagram желісінде.
Айта кетейік, "Канело" қыркүйекте өткізген кейінгі айқасында қазақстандық Геннадий Головкиннен басым түскен болатын.
Canelo Alvarez has been honoured with a life-size statue in his hometown in Mexico… pic.twitter.com/EwGQyoM0d4
— Michael Benson (@MichaelBensonn) December 20, 2022
Жарнама