Бокстан екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан реванш алуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы ол Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін айтты.
"Бұл менің мұрам үшін, мен үшін, мақтанышым үшін, елім үшін, отбасым үшін өте маңызды. Мен оны жеңуге дайынмын", - деп келтіреді Альварестің сөзін Matchroom Boxing.
2022 жылы мамырда Бивол Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын.