Бокс
11 шілде 2018 11:44
 
Головкинді жас боксшылармен сескендіріп, спорттан кетуге кеңес берді

  Пікірлер

blog.share

Головкинді жас боксшылармен сескендіріп, спорттан кетуге кеңес берді @steveucnlive твиттер парақшасынан

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) рекордын жоғалтып алғысы келмесе, кәсіпқой бокстан кетуі тиіс. 

Жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррола Спенс (23-0, 20 КО) және алғашқы орта салмақта WBC чемпионы Джермелл Чарлоның (31-0, 16 КО) бапкері америкалық Деррик Джеймс осындай пікір білдірді.

Оның сөзінше, Головкиннің қарсыласы тегеурін танытса, Геннадий жеңіске деген еркін жоғалтып, жекпе-жек соңында әлсіреп қалады. 

"Оған Джейкобс сияқты шынымен жұдырықтасатын боксшы қарсы келсе, жекпе-жек кезінде Голвкиннің қалай тыйылып қалғанын көрдік... Міне, егер Джермелл жақсы дайындықпен жұдырықтасса, Головкинді нокаутқа түсіре алады. Геннадий бокстан кетуі керек, әйтпесе оны жас боксшылардың бірі жеңеді", - деп келітреді бапкер сөзін Fightnews.info.

Еске салайық, Головкин мен Дэниел Джейкобспен (34-2, 29 КО) 2017 жылдың наурызында жекпе-жек өткізген. Америкалық боксшы Головкинмен 12 раунд жұдырықтасқан алғашқы боксшы болды.

Жарнама

Живи спортом!