Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) World Boxing News нұсқасы бойынша P4P рейтингіндегі үздік 50 боксшының тізімінде үшінші болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңартылған рейтингте Головкин америкалық Андре Уорд (1) пен филиппин боксшысы Мэнни Пакьяодан (2) қалып тұр. Ал украиналық Василий Ломаченко болса, 6-орыннан 4-орынға көтеріліп, никарагуалық Роман Гонсалес пен америкалық Теренс Кроуфордтан озып тұр.Сондай-ақ, WBN нұсқасы бойынша жасалған P4P рейтингінің алғашқы ондығында 7) ресейлік Сергей Ковалев, 8) мексикалық Сауль "Канело" Альварес, 9) кубалықГильермо Ригондо, 10) америкалық Кит Турман бар. Үздік-50 боксшының тізімімен мына жерде таныса аласыздар.
Айта кетейік, Головкин ESPN нұсқасы бойынша pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр. Ал The Ring басылымындағы рейтингте қазақстандық боксшы үшінші орынға тұрақтады.
Жарнама