FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит орта салмақта WBA, WBA, IBO чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
Оның Vesti.kz тілшісіне айтуы бойынша, Сауль "Канело" Альвареспен қыркүйектегі жекпе-жектен кейін GGG үшін Чарло ең тиімді қарсылас.
"Алдымен Альвареспен жекпе-жекті өткізу керек. Алғашқы жұдырықтасу Альварестің оңай қарсылас емесін көрсетті. Джермалл Чарломен жұдырықтасуды ойлауға әлі ерте. Бірақ Альварестен кейін Геннадий үшін Чарло ең тиімді қарсылас", - дейді Стангрит.
Головкиннің келесі жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы Mobile Arena алаңында өтеді. Дәл осы орында Сауль "Канело" Альвареспен өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталған еді.
Қазіргі кезде Чарло орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы. Сонымен қатар, ол қазақстандық боксшыға міндетті қарсылас.

Жарнама