Бокс
16 наурыз 2022 14:49
 
Головкин UFC-де өнер көрсететін Рахмонов туралы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкин UFC-де өнер көрсететін Рахмонов туралы ойын айтты ©vk.com/ggolovkin

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ариэль Хельваниге берген сұқбатында аралас жекпе-жекке (ММА) қалай қарайтынын және мұнда өнер көрсететін қазақстандық спортшылардан не күтетінін айтты. 

- Аралас жекпе-жек көресіз бе?

- Иә, өте жиі көремін. 

- Онда жақсы көретін файтеріңіз бар ма?

- Бұл мәселе қаржыға келіп тіреледі. Оны айту үшін Дана Уайт (UFC) президенті маған ақша төлеу керек. 

- Сіз Қазақстан намысын қорғайсыз. Қазіргі уақытта аралас жекпе-жекте де қазақстандық спортшылар көп. Шавкат Рахмонов, Рафаэль Физиев секілді. Сіз осы спортшылармен таныссыз ба?

- Бұл спортшылардың барлығымен жеке таныспын. Осы аралас жекпе-жектің арқасында, оны ұйымдастырушылардың арқасында аталған жігіттердің барлығы танымал болып, жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Сосын спортшы ретінде өз елінің атын шығарады. Аралас жекпе-жектің пайдасы көп. Спортшы үшін. Сондықтан да жігіттерде жақсы мүмкіндік болып тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!