Бокс
5 шілде 2018 10:27
 
"Головкин туралы жаман сөз айтпадым". Елеусінов GGG жайында

  Пікірлер

blog.share

"Головкин туралы жаман сөз айтпадым". Елеусінов GGG жайында Данияр Елеусінов. © Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің қолжетімсіздігі туралы айтқанына қатысты сөзін түсіндірді.

Мұның алдында 27 жастағы олимпиада чемпионы америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында Головкиннің тым қашықтап кеткенін айтқан болатын.

"Адамдардың көбі мені дұрыс түсінбеді. Головкин туралы ешқашан жаман айтып көрген емеспін. Негізі... Мәселен, олимпиада чемпионы туралы. Головкиннен артық сыйлайтын болды деп айта бастады. Мұндай сөздерді мүлде айтқан емеспін. Мен елімізде Олимпиада чемпиондарын Ойындардан кейін лайқыты қарсы алады дедім. Бізде Олимпиада чемпиондары өте сыйлы адамдар.

Барлығы Олимпиаданы тамашалайды. Өзім туралы айтып отырған жоқпын. Мен де бір кездері Артев пен Сәпиевке қарап өстім. Саттархановқа. Оны үнемі сыйлайтынмын, таңданатынмын. Ал Головкин нашар деп айтқан емеспін", - дейді Елеусінов.

Оның айтуынша, журналистер оның сөзін дұрыс аудармаған. "Мен Головкин қазір көпшілік үшін жұлдыз сияқты - қолжетімсіз дедім. Көптеген қазақстандықтардан қашықта. Өйткені ол үнемі шетелде. Осы менің сөзім. Нақтылайтын болсақ", - дейді ол. 

Жарнама

Живи спортом!