ESPN телеарнасы 2022 жылдың ең мықты боксшысын таңдауды ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үміткерлер тізімінде британиялық Тайсон Фьюри, америкалық Шакур Стивенсон, қазақстандық Фируза Шарипованы жеңген ирландиялық Кэти Тейлор және АҚШ-тың тағы бір өкілі Микаэла Майер бар.
Дауыс беру қорытындысы 20 шілдеде шығады.
Еске салайық, 2021 жылы желтоқсанда Тэйлор Ливерпульдегі бокс кешінде Шарипованы төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.