Бокс
25 маусым 2022 12:12
 

Головкин Сауль Альвараске қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкин Сауль Альвараске қатысты мәлімдеме жасады © https://twitter.com/GGGBoxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (57-2-2, 39 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Геннадий Головкин (57-2-2, 39 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты барысында GGG "Канелоның" өзіне қаратып айтқан "еркек бол" деген сөзіне жауап берді.

"Мен бұл сұрақты жеке бастың мәселесі деп ойламаймын. Біреудің мені жақсы немесе жаман адам деп қабылдауын өзгертуге тырыспаймын. Бір нәрсе айтқым келеді: мен ештеңені жеке басқа қабылдамаймын - мен бокстасуға шығамын. Мен үшін бұл тым басқа дүние. Егер ол менің жеке басыма қатысты ойлап алғаны болса - ол өзінің жеке проблемасы. Бұл оның өз қорытындысы. Мен оның ойын қалай өзгертемін? " - деді Головкин.

Қоса кетейік, спортшылар 2018 жылдың қыркүйегінен бері бірінші рет кездесті. Олар көз арбасты. 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena кешенінде 17 қыркүйекте өтеді.

Боксшылардың осының алдындағы екі кездесуі де осы кешенде өткен еді. Бірінші кездесуде нәтиже тең болып, екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!