Головкин салмағындағы қазақ боксшы Америкадағы екінші айқасында жеңіске жетті

Орта салмақтағы қазақ боксшы Темірлан Райымқұлов (4-1-2, 0 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы қазақ боксшы Темірлан Райымқұлов (4-1-2, 0 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Филадельфияда өткен бокс кешінде Райымқұлов америкалық Карим Глэднимен (0-4) жұдырықтасты. Төрт раундқа есептелген кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді
Бұл Темірланның кәсіпқойдағы төртінші жеңісі. Ол АҚШ-тағы алғашқы айқасын қазан айында өткізіп, ол кезде де төрешілер шешімімен жеңген.
Жарнама