ESPN биыл өтетін бокстағы кей жекпе-жектерге болжам жасады. Соның ішінде, қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекте нокаутқа түсетінін болжады.
"Альварес GGG-ді нокаутқа түсіреді: трилогия осылай бітіп, боксшылардың мұрасы туралы барлық сұрақ жоғалады. Бұл айқас жыл соңына дейін өтеді, дегенмен, жыл жекпе-жегі аталады. Бұл кездесуде Головкин карьерасында алғаш рет нокаутқа түседі.
Сонымен қоса, бұл Головкиннің соңғы айқасы болады, өйткені 39 жастағы қазақстандық уақыты жеткенін түсінеді. Альварес үшін бұл жекпе-жек керісінше болады, оның карьерасында жаңа тарау басталады. Бұл кездесу Альварестің салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты екенін көрсетеді", - делінген мақалада.