Бокс
28 наурыз 2017 14:58
 
Головкин не үшін Сондерспен жұдырықтаспаса да болады?

  Пікірлер

blog.share

Головкин не үшін Сондерспен жұдырықтаспаса да болады? © The Steppe

Boxingnews24.com шолушысы Скотт Гилфойд қазақстандық Геннадий Головкиннің жазда британдық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қыркүйекте жекпе-жек туралы келісімге келе алса, Билли Джо Сондерспен жұдырықтаспайды. Головкин шілдеде Сондерспен жұдырықтасып, үлкен қауіпке барғысы келмесі анық. Бұл жекпе-жекте жарақат алу мүмкіндігі жоғары. Олай болса Альвареспен жұдырықтаса алмайды.

Қазақстандық боксшы мұның орнына бар жігерін Альвареспен жұдырықтасуға бағыттайды. Оған WBO атағы керек емес, жанкүйерлері онсыз да Головкиннің бұл салмақты мықты екенін біледі. Егер GGG бокс сүйер қауымды бір серпіндіргісі келсе Джейкобспен қарымта кездесу өткізіп, Джермалл Чарломен жұдырықтасу қажет. Альвареспен келісе алмаса да, Сондерспен жұдырықтасудан маңыздырақ жекпе-жектерге қол жеткізе алады. Головкин Джейкобс пен Чарлоны жеңсе жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленеді. Ал Сондерсті сұлатса да ел аузында қалатындай жекпе-жек болмайды. Көпшілік GGG Джейкобстан ұтылды деп есептейді. Джейкобс жақсы қарылас, қағаз жүзіндегі чемпион Сондерстен әлде қайда артық", - дейді Гилфойд.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің шаршы алаңға маусым айында оралатыны белгілі болған еді. Оның қарсыласы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы әбден ықтимал. Екі боксшының командасы қазір жазда EXPO-2017 кезінде Астанада жекпе-жек өткізуі туралы келіссөз жүргізуде.

Жарнама

Живи спортом!