Головкин мен Мурата жекпе-жегінің жеңімпазы айтылды
Sportskeeda.com порталы орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесу 12 раундқа жоспарланған.
"Мурата соңғы кездесуінде канадалық Стивен Батлерді бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол соңғы мәрте 2019 жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шықты.
Ал Головкин соңғы кездесуін 2020 жылдың желтоқсанында Камиль Шереметеға қарсы өткізді. Головкин полшалық боксшыны төрт мәрте нокдауна жіберіп, жетінші раундта тоқтатты.
Бұл кездесудің анық фовариті - Головкин. Басты мәселе - оның жасы. Соңғы 30 жылда талай кездесу өткізген Геннадийдің өзі де жас келген сайын күштің кететінін мойындады. Дегенмен ол қазіргі уақытта Сауль "Канело" Альвареспен үшінші мәрте кездесуге ниетті.
Біздің болжамымыз - Головкин Муратаны нокаутпен жеңеді", - делінген порталдың жазған болжамында.
Жарнама