Головкин мен Мурата айқасы қашан өтетіні белгілі болды
Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақта WBA белбеу бар жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы кездесу наурыз немесе сәуірде өтуі мүмкін. Бұл туралы Talksport.com порталының журналисі Майкл Бенсон твиттер парақшасында жазды.

"Эдди Хирннің айтуы бойынша, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы айқас наурыз не сәуірге шегерілетін секілді", - деп жазды тілші.
Gennady Golovkin vs Ryota Murata looks like it will be rescheduled for March/April, according to Eddie Hearn. [@IFLTV]
— Michael Benson (@MichaelBensonn) December 24, 2021
Еске салайық, бұл боксшылар 29 желтоқсан күні Токио қаласында кездесуі керек еді. Бірақ коронавирустың "омикрон" штаммы көп тарап кеткеннен кейін, Жапоия карантин жариялады. Ал осыған дейін Муратаның кездесулерін ұйымдастыратын Teiken промоутерлік компаниясы жекпе-жектің көктемге шегерілгенін хабарлады. Бірақ қай күні екенін нақтыламады.
Жарнама