Бокс
12 ақпан 2022 00:22

Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні айтылды

©

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы дивизионда WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы айқас мамыр айында өтуі ықтимал. Мұндай ақпаратты ESPN арнасында Knockout бағдарламасының жүргізушісі Джулиус Джулианис  айтты. 

Негізі әу баста бұл кездесу өткен жылдың желтоқсанында Жапонияда өтуі керек еді. Бірақ "күн шығыс" елінде карантин шаралары қатаңдап, шекара жабылды. Енді Джулианстың ақпараты бойынша, айқас мамырда өтеді. 

"GGG мен Мурата арасындағы айқас мамырда Жапонияда өтеді. Мамырдың басы не ортасында Жапония шекарасын ашады", - деп жазды ол Тwitter парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport