Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні айтылды
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы дивизионда WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы айқас мамыр айында өтуі ықтимал. Мұндай ақпаратты ESPN арнасында Knockout бағдарламасының жүргізушісі Джулиус Джулианис айтты.

Негізі әу баста бұл кездесу өткен жылдың желтоқсанында Жапонияда өтуі керек еді. Бірақ "күн шығыс" елінде карантин шаралары қатаңдап, шекара жабылды. Енді Джулианстың ақпараты бойынша, айқас мамырда өтеді.
"GGG мен Мурата арасындағы айқас мамырда Жапонияда өтеді. Мамырдың басы не ортасында Жапония шекарасын ашады", - деп жазды ол Тwitter парақшасында.
Parece que GGG-Murata se hará en mayo en Japón (se supone que el país nipón abrirá sus fronteras a principios o mediados del mes de marzo)
— JuliusJulianis (@julianisjulius) February 11, 2022
Жарнама