Головкин мен Мурата андеркартында жұдырықтасатын алғашқы боксшылар анықталды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) арасындағы айқастың андеркартында жұдырықтасатын алғашқы боксшылар анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді.
BoxRec ақпараты бойынша, андеркардта төрт жергілікті боксшылар жұдырықтасады. Олар:
Шуичиро Есино (14-0, 11 КО) - Масаюки Ито (27-3-1, 15 КО)
Юнто Накатани (22-0, 17 КО) - Риота Ямаучи (8-1, 7 КО)
Айта кетейік, бұл кездесу негізі 2021 жылдың желтоқсан айында өтуі керек еді. Бірақ "күн шығыс" еліндегі коронавирустық шектеулерге байланысты кейінге шегерілді.
Жарнама