Бокс
27 тамыз 2022 17:20
 

Головкин мен "Канело" айқасында қазылық ететін төрешілердің сыйақысы айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" айқасында қазылық ететін төрешілердің сыйақысы айтылды ©Reuters

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы трилогияны қазылық ететін төрешілердің сыйақысы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы трилогияны қазылық ететін төрешілердің сыйақысы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпараты бойынша, бұл кездесуде шаршы алаңда қазылық ететін Рассел Мора 10 мың доллар алса, рингтің жанындағы Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома) 5 мың доллардан алады. 

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварес арасындағы осыған дейінгі екі кездесуінде төреші болған. Бірінші кездесуде ол 115-113 есебімен жеңісті қазақстандық боксшы берсе, екінші кездесуде дәл осындай есеппен "Канелоға" жеңіс берді. 

Вайсфельд болса тек екінші кездесуде жұмыс істеп, 115-113 есебімен Альварестің жеңісін тіркеді. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!