Бокс
3 желтоқсан 2020 10:41

Головкин мен Еуропа чемпионы жекпе-жек алдында аяқ асты допинг тест тапсырады

Сурет: fightsaga.com

Орта салмақта BF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек алдында допингке тест тапсырады. 

Сынаманы бокс федерацияларымен ықпалдастықтағы VADA (Допингке өз еркімен тест қауымдастығы) алады. Бұл бағдарламаға қосылған спортшылар аяқ асты тексеріске келісім береді.

Головкин - Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсан Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтеді және DAZN платформасында трансляцияланады. Бұл кездесуде қазақстандыққа тиесілі екі белбеу сарапқа салынады. 

GGG әлем чемпионы титулын рекордты 21-ші рет қорғайды.