Головкин мен Еуропа чемпионы жекпе-жек алдында аяқ асты допинг тест тапсырады
Орта салмақта BF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек алдында допингке тест тапсырады.
Орта салмақта BF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек алдында допингке тест тапсырады.
Сынаманы бокс федерацияларымен ықпалдастықтағы VADA (Допингке өз еркімен тест қауымдастығы) алады. Бұл бағдарламаға қосылған спортшылар аяқ асты тексеріске келісім береді.
@Vada_Testing welcomes @GGGBoxing #KamilSzeremeta to our program for their December 18, 2020 bout. @MatchroomBoxing @WarriorsBoxProm @Frank_1_Smith @EddieHearn #cleansport
Головкин - Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсан Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтеді және DAZN платформасында трансляцияланады. Бұл кездесуде қазақстандыққа тиесілі екі белбеу сарапқа салынады.
GGG әлем чемпионы титулын рекордты 21-ші рет қорғайды.
Жарнама