Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз мәслихатында кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар шаһарға келудің ресми іс шарасынан кейін бірінші рет бетпе-бет кездесті.
Еске салайық, осы демалыста боксшылар үшінші рет жекпе-жек өткізеді. Бұл айқас T-Mobile спорт кешенінде, Қазақстан уақытымен ол 18 қыркүйек, жексенбінің таңында өтеді. Трилогияны елімізде Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей көрсетеді. Ал жекпе-жек алдында Қазақстан әнұранын Димаш Құдайберген орындайды.