Головкин мен әлем чемпионы айқасына қатысты жаңалық шықты
Жапонияда өтеді деп жоспарланған бокс жекпе-жектері, соның ішінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) айқасы күн шығыс елі шекараны ашқан соң өтеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Головкин рингке 2021 жылы желтоқсанда WBA Super титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда бұл кездесу Жапонияның карантин шараларын күшейтуіне байланысты шегерілді. Ендігі ақпарат бойынша, бұл айқас сәуірде өтеді.
Атап айтқанда, промоутер Боб Арумға сілтеме жасаған ақпарат көзінің хабарлауынша, өзге айқастармен қатар, өте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нонито Донэр мен WBA, IBF және The Ring белбеулеріне ие Наоя Иноуэ кездесуі де өтеді.
"Меніңше, жекпе-жекке аз қалды. Енді бәрі Донэра мен Иноуэге, Охаши мен Хондаға (Иноуэ промоутерлері) емес, Жапаония үкіметінің іс-шараларға және өзге шектеулерді алуына байланысты. Ал сәуірде шектеулер алынады. Әлем ашылып жатыр", - дейді Арум 3 Knockdown Rule арнасына берген сұхбатында.
Жарнама