Бокс
22 қаңтар 2019 09:59
 
Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық WBC рейтингінің ТОП-15 сатысына көтерілді

  Пікірлер

blog.share

Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық WBC рейтингінің ТОП-15 сатысына көтерілді Али Ахмедов. © Vesti.kz

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов (13-0, 10 КО) WBC ұйымының ТОП-15 рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Ахмедов ұйымның жастар чемпионы белбеуіне ие. 

Қазіргі таңда 23 жастағы боксшының ісін белгілі қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) GGG Promotions компаниясы жүргізеді. WBC рейтингінде Ахмедов 15-ші тұр. Ұйымның бұл салмақтағы (жартылай ауыр) чемпиондық белбеуі украиналық Александр Гвоздикте (16-0, 13 KO).

Қазқстандық кәсіпқой соңғы рет 2018 жылы қазанда АҚШ-тың Коста-Месте қаласында өткен WBC жастар чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте алғашқы раундта-ақ мексикалық Джовани Хавьер Гоместі нокаутқа түсірген еді. 

WBA рейтингінде Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) та осындай орынға көтерілді. 

Сонымен бірге, IBF рейтингінде жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бахтияр Эюбов (14-0, 12 KO) 14-ші орында.

Жарнама

Живи спортом!