Головкин командасында болған қазақстандық нокаутшы ай сайын айқаса бастады
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізетін болды.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізетін болды.
Ахмедов рингке 28 ақпанда қайта шығады. Бұл туралы осы бокс кешін ұйымдастырушылар хабарлап отыр. Алидің қарсыласы кім болатыны белгісіз, алайда, бұл кездесу басты жекпе-жектердің бірі болады.
Мұның алдында Ахмедовтің бапкері Сағатбек Мұсаханов Алидің Астанадағы бкос кешіндегі қарсыласы орта салмақта өнер көрсететін польшалық Мацей Сулецки болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Әр айда бір жекпе-жектен
Еске салайық, 18 қаңтар Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) Ахмедов америкалық Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутпен жеңген еді. Екі жекпе-жектің арасы 41 күнді ғана құрап отырғанын айта кетейік.
Жарнама