Танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасу мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның сөзінше, Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия немесе жапониялық Риота Мурата болады.
"Геннадий Головкин міндетті қарсыласы Камил Шереметамен жекпе-жекте титулын қорғағаннан кейін GGG-дің алдағысына ой жүгіртуге болады. Көктемде ол жартылай орта салмақта бұрынғы чемпион мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі мүмкін, ол DAZN-да болады.
Бұл айқас екі жыл бұрын өтуі мүмкін еді, бірақ, Невададағы Атлетикалық комиссияның комиссары Боб Беннетт Мунгия әлі дайын емес деп мәлімдеген. Бірақ қазір Мунгия мен Golden Boy дайын екеніне сенімді.
Егер бұл жекпе-жек өтпесе, Геннадий Головкин Токиода Олимпиада чемпионы, Жапония жұлдызы Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі мүмкін", - дейді Коппинджер Ring City USA-ға берген сұхбатында.