Бокс
4 шілде 2019 17:01

"Головкин Қазақстаннан ба?". Тайсонды нокаутқа түсірген боксшы Алматыдағы жекпе-жегі жайлы айтты

Дэнни Уильямс (сол жағында). Сурет: Vesti.kz©
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын бритнаиляқ боксшы Дэнни Уильямс (53-26-0, 40 KO) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Руслан Мырсатаевпен (5-0, 5 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтады.


Жекпе-жек 5 шілде Алматыда Қанат Исламның (25-0, 20 КО) андеркартында өтеді.

- Өзімді тамаша сезінемін және жекпе-жекке дайынмын. Қарсыласым әуесқойда өнер көрсеткенін естідім, жақсы шоу көрсетеміз деген ойдамын, - дейді Уильямс.

- Қарсыласыңыздың жекпе-жектерін көргенсіз бе?

- Иә. көрдім.Өте мықты, соққысы да қуатты. Көреремендер нокаут көре алатын шығар. Жеңімпаз мен боламын деген үміттемін.

- Қазір жасыңыз 45-те. Қалай жұдырықтасып жүрсіз? Рингте әлі қанша жүрмек ойыңыз бар?

- Бокссыз өмірім жоқ. Жұдырықтасқан ұнайды. Жаңа биіктерге жеткім келеді. әлі ұзақ жүретін шығармын.

- Қазақстан туралы не есігенсіз?

- Ештеңе. Қазақстанға алғаш келуім, маан бұл жерде ұнайды.

- Геннадий Головкин ше?

- Ол Қазақстаннан ба еді? (күледі). О Құдайым! Әрине оны білемін. Өте мықты боксшы. Маған оның стилі ұнайды. Мықты жігіт, мен оның жекпе-жектерін үнемі тамашалаймын.

Айта кетейік, Уильямс 2004 жылы шілдеде атақты Майк Тайсонды төртінші раундта нокаутқа түсірген еді. ол кезде 39 жаста болған америкалық боксшы үшін бұл соңғы жекпе-жек болды, ал 31 жастағы британиялық WBC чемпионы Виталий Кличкомен жекпе-жекке шықты. Украиналық қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді.