Головкин "Канелоның" нокаут туралы уәдесіне жауабын берді
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) өзін нокаутқа түсіремін деген Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) сөзіне қатысты пікір білдірді.
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) өзін нокаутқа түсіремін деген Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) сөзіне қатысты пікір білдірді.
"Ешқандай болжам жоқ. Жекпе-жекке жоспармен шығып, не болатыны көреміз. Ал бұл айқас жеке есеп айырысу және нокаутқа түсіремін деген сөздер... Жаңа салмаққа ауысып, жасы қырықтан асқан қарсыласпен шыққалы тұрғанда бұлай мақтанудың керегі жоқ шығар. Кішкене қарапайым болу керек. Ал жеке есеп айырысу туралы сөздер... Онда осы төрт жыл бойы қайда болдың? Бұрынырақ неге мені тауып алмадың? Сондықтан айтарым, бұл жеке басына қатысты болса, жекпе-жек әлдеқайда ерте өтер еді", - деп береді Головкиннің сөзін vRINGe.com.
Жарнама