Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды fightnews.info.
Мексикалық боксшы трилогия Головкинмен жеке есеп айырысу болатынын мәлімдеген еді.
Қайрат Сәтжанов "Канело" - Головкин айқасында кім жеңетінін бүкпесіз айтты
"Маған рингке шығу ұнайды. Кімге қарсы - бұл екінші мәселе. Ал "Канелоның" айтқандарына келсек, ондайы болса, ертерек жұдырықтасу қажет еді. Жоқ болып кетіп, басқа бағыттарды бетке алмай. Ал енді трилогия жеке есеп айырысу болады деген сөздері орынсыз", - дейді Головкин.