Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) екі жүзді деген айыптауына қатысты жауап берді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Ол туралы ойлау тым үлкен құрмет. Кейінгі айқасында жеңілді, басқа не айтамын?
Оның бетіне не айтамын? Тік қарадым - не деуге болады? Айтқым келгеннің бәрін айттым. Егер мен жаман бірдеңе айттым деп есептесе, солай-ақ ойласын. Бетпе-бет келдік қой, айтқымыз келгенді айттық. Басқа айтқымыз келгені болса, айтар едік. Көзіме қарап тұрып ештеңе демейді ғой", - деп береді Головкиннің сөзін ESNews.