Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) әлсіз тұсын атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Альварес мені мүлдем алаңдатпайды. Адамның жаман қасиеті басым болғанда, бұл оның жақсы өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Альварестің соңғы жекпе-жегін көріп отырып, оны жеңу үшін міндетті түрде нокаутқа түсірудің қажеті жоқ екенін түсінуге болады. Оған бұрынғыдай төрешілер оң көзбен қарамайтын секілді. "Канелоның" басты әлсіздігі – тәкәппарлығында. Сол үшін жазасын беру керек", - дейді Головкин Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, 17 қыркүйек күні өтетін трилогияда екінші орта салмақта IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулері сарапқа салынады.