Головкин "Канелоны" үшінші жекпе-жекте жеңудің сырын білді
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңудің жолын білетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңудің жолын білетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әрине, мен сырын білемін ("Канелоны" жеңудің). Бірақ бұл сіздер ойлағандай емес. Бұл сіздер паш етіп отырған сыр. Үшінші жекпе-жегімізге жақсы жарнамалық науқан өткізу керек, ұйымдастырушылар оны жасауы тиіс. "Канело" да мені қалай жеңудің сырын білетініне сенімдімін", - деді Головкин The Sun басылымына берген сұхбатында.
"Екеумізде де жеңістің кілті бар, алайда, олардың іске асар-аспасын білудің жалғыз жолы - жекпе-жекті ұйымдастыру. Бұл айқасты дұрыс жарнамалау қажет, ол үлкен қызығушылық тудыру керек. Шынын айтайық, екі рет кездескенімізге қарамастан, бұл ең көп талқыланатын жекпе-жектердің бірі", - деді GGG.
Айта кетейік, GGG 29 желтоқсанда Жапонияда орта салмақтағы WBA (Super) титулының иегері Риота Муратаға қарсы жекпе-жекке шығады.
Жарнама