Бокс
30 сәуір 2019 09:27
 
Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жектен бас тартқаны туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

 Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жектен бас тартқаны туралы мәлімдеме жасады © HBO Boxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты жағдайды айтты.

- "Канелоның" айтқаны туралы не ойлайсыз, белбеу болса ғана жұдырықтасам дегені?
- Меніңше, "Канело" қателесіп отыр. Golden Boy немесе DAZN айтса бір жөн, жалғыз өзі емес. 

- DAZN GGG мен "Канелоға" миллиондар жұмсады. Үшінші жекпе-жек кімнің қолында - Альварес пен Golden Boy инемесе DAZN?
 - Ол туралы ойламаймын. Білетінім екеуміздің ұтымды жағдайдамыз. Егер үшінші жекпе-жек болса - бұл тамаша. 

- "Канеломен" үшінші жекпе-жектен бас тарттыңыз ба?
- Ондай болған жоқ. Мұндайды бірінші рет естіп отырмын. Жұдырықтасамыз деген үміттемін.

- Бұрын белбеулерді біріктіргім келеді дейтінсіз. Қазіргі мотивация қандай?
- Көп нәрсе өзгерді. Аздап ақыл кірді. Мені алға қарай жетелейтін дүниелер бар, тек олар бұрынғыдан басқа. 

- Титулдар үшін қашан жұдырықтаса бастайсыз?
- Дәл сондай мақсатым жоқ. Тек мықты боксшылармен үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. 

Жарнама

Живи спортом!