Головкин "Канеломен" трилогияда кім жеңетінін айтты

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші айқаста кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің ойымша, алдағы жекпе-жектен жанкүйерлер мен промоутерлер ұтады. Мұндай кештер бокс сүйер қауым үшін қажет. Егер "Канело" екеуміз де жарақат алмасақ онда екеуміз де ұтамыз", - дейді Головкин Fight Hub арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Альварес 17 қыркүйек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қолғап түйістіреді.
Жарнама