Головкин "Канеломен" трилогия алдында мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұндай мәлімдемені ол Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз жиынында жасады.
"Біріншіден бәріне сәлем бердім. Осы жерде екеніме қуаныштымын. Төрт жыл да өтіп кетіпті. Ақыры трилогия өтетін болды. Бұл мұқым бокс үшін өте үлкен күн. Жанкүйерлерге жақсы сыйлық. Өзімді жақсы сезінемін, күшім мығым және дайынмын.
Жеңісіме сенімдімін, өзіме де, командама да, мені қолдаушыларға да сенімдімін. Бұл менің нағыз өмірім. Екеуміз де кәсіпқоймыз. Оның стратегиясында агрессия басым, менікі - тәжірибеге көбірек негізделген. Көреміз. Кім мықты екенін ринг көрсетеді. Бұл біз үшін үлкен айқас.
160 фунтта менде үш белбеу бар. Ал бұл 168 фунттағы айқас болады. Мен үшін жаңа тәжірибе. Бәрі өзгереді, бұл өмірде бәрі мүмкін", - дейді Головкин.
Жарнама