Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші айқаста ең маңызды титулдар емес екенін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.
"Титулдар сондай маңызды емес. Бұл екі жүзділік сияқты көрінер, бірақ, олай емес. Жеңіс өте маңызды. Жеңсем титулдарды тек жағымды бонус ретінде көремін", - деп береді Головкиннің сөзін Allboxing.ru сайты New York Post басылымына сілтеме жасап.