Бокс
5 тамыз 2019 11:27
 

Головкин "Канелодан" тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канелодан" тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады © boxingscene.com

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, - деп хабарлайды LA Times.

Бұл белбеуден Альварес чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмай айырылған еді.

IBF әзірге Деревянченко мен Головкин арасында бос қалған титул үшін жекпе-жекті ресми бекіткен жоқ. Дегенмен тараптар жекпе-жекті қазан айына белгілеу бойынша келісіп жатыр. 

"Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Головкин, алайда, мән-жайды ашпады.

Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады. 2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді. Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.

blog.share
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, - деп хабарлайды 
latimes.
com/sports/story/2019-08-02/gennady-golovkin-sergiy-derevyanchenko-canelo-alvarez-title-fight">LA Times
.


Бұл белбеуден Альварес чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмай айырылған еді.


IBF әзірге Деревянченко мен Головкин арасында бос қалған титул үшін жекпе-жекті ресми бекіткен жоқ.
Дегенмен тараптар жекпе-жекті қазан айына белгілеу бойынша келісіп жатыр.
 

"Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Головкин, алайда, мән-жайды ашпады.


Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады.
2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.


Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді.
Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.

Жарнама

Живи спортом!