Головкин - "Канело" кардында чемпиондық айқас өтеді

17 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Хоселито Веласкес (15-0-1, 10 КО) пен никарагуалық Феликс Альварадо (38-2, 33 КО) өте жеңіл салмақта IBF белбеуі үшін айқасады, деп хабарлайды Ringside24.com.
17 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Хоселито Веласкес (15-0-1, 10 КО) пен никарагуалық Феликс Альварадо (38-2, 33 КО) өте жеңіл салмақта IBF белбеуі үшін айқасады, деп хабарлайды Ringside24.com.
Альварадо кейінгі айқасында мексикалық Луис Эрнандесті (10-6-1, 6 КО) жеңді. Ал Веласкес үшін бұл карьерасындағы ең үлкен жекпе-жек болмақ.
Бұл бокс кешінің басты айқасында Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) екінші орта дивизионда IBF, WBA, WBO және WBC титулдарын сарапқа салады.
Жарнама