Бокс
24 сәуір 2018 09:46
 
Головкин "Канело" жайлы сұрақтарға ашуланды

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канело" жайлы сұрақтарға ашуланды © Tom Hogan – Hoganphotos/Golden Boy Promotions

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий  Головкин (37-0-1, 33 КО) реванш алдында допингпен ұсталған бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жайлы сұрақтарға ашуланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай Геннадий Головкиннің америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) кездесуіне арналған ашық жаттығу кешінде болды. Журналистер қазақстандық боксшыдан алты айға шеттетілген "Канело" жайлы не ойлайтынын сұраған кезде Головкин олардан ол туралы сұрамауларын өтінді.

"Мен ол туралы ойламаймын да, ол жайлы ұмыттым. Қайтып келіп, барлығы таза болып жатса, сөйлесіп жатармыз. Расында да, жігіттер, мен допинг жайлы, "Канело" жайлы және оның командасы жайлы сөйлескім келмейді. Қазір менің барлық ойым Ванеспен өтетін жекпе-жекте, сол жайлы сөйлесейік", - деді Головкин.

Айта кетейік,  Головкин - Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Лос-Анджелестегі  StubHub Center аренасында өтеді. 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар.

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз.

Жарнама

Живи спортом!