Белгілі әнші Димаш Құдайберген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы трилогия алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәстүр бойынша әнұрандар жекпе-жек алдында орындалады. Ал трилогия елорда уақытымен 18 қыркүйек күні таңғы уақытта басталады.
Еске салайық, QAZAQSTAN және QAZSPORT телеарналары отандасымыздың қатысуымен өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.