Бокс
28 наурыз 2022 11:32

Головкин жойқын соққысының сырын айтты

©boxingscene.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Boxingnews.jp порталына берген сұхбатында WBA Super белбеуіне ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқас алдында қандай күйде екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Продолжение

Бұл жекпе-жек 9 сәуір Жапонияда өтеді.

- Қазіргі күйіңіз қандай?

- Тамаша, өзімді қуатты сезінемін.

 - Сіз - панчерсіз, соққыларыңыз қарсыласқа зиян келтіреді. Мұндай күш қайдан?

- Бұл табиғи қасиетім.

- Жанынан ұратын қысқа соққыңыз да өте жақсы. Оған ұзақ машықтанғансыз ба?

- Бұл ұзақ жылғы жаттығудың нәтижесі, бокспен шұғылданғалы бері машықтанып келемін. Қазір оны автоматты түрде жасай аламын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport