Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек алдында Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) туралы қызықты жайтпен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия 24 күннен кейін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.
"Шын мәнінде "Канело" маған емес, Биволға ашулы. Бірақ мені айыптағысы келеді. Жасыма қарап көпшілік мені жете бағаламай келеді. Алайда ол тек сан ғана, мен бұл жекпе-жекке барынша салмақты қараймын", - деп береді Головкиннің сөзін Boxingscene.com.