Бокс
16 қазан 2019 10:53

Головкин және "Канелодан" жеңілген боксшылар бір-бірімен жұдырықтаспақ

© boxingscene.com
Бұрынғы әлем чемпиондары Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық Хулио Сесар Чавес (51-3-1, 33 КО) жекпе-жек бойынша келісімге келді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

Жекпе-жек 13 желтоқсанға белгіленіп, екінші орта салмақта өтеді. АҚШ аумағында кездесу DAZN платформасында көрсетілмек.

Мәлімет бойынша, алдағы күндері бұл туралы ресми жария етіледі. Джейкобс үшін бұл жаңа салмақтағы бірінші жекпе-жек.

Еске салайық, Чавес 2017 жылы отандасы Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) жеңілген соң ұзақ уақыт үзілісте болды. Рингке тамызда оралған Чавес джорнимен (тәжірибелі және мықты боксшы) есептелетін Эверта Бравоны нокаутқа түсірген. Джейкобс "Канеломен" биыл мамырда жекпе-жекке шығып, төрешілер шешешімен жеңілді. 

Сонымен бірге, Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) де жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілді. Осылайша, ол GGG-ге 12 раунд қарсы тұрған алғашқы қарсылас атанған еді.