ТalkSPORT спорт порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақтағы ең мықты боксшыны таңдау бойынша дауыс беру қорытындысын твитер желісінде жариялады, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Дауыс беруде орта дивизионда WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңді - 84,4 пайыз.
Ал екінші 12,3 пайыз дауыс жинаған IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин. Ал америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) 1,9 және 1,5 пайыздан жинады.